Тұрғын үйлерде 17 сәуірде жылу мауысымы аяқталуы мүмкін
Қалада жылыту маусымы қазан айында басталды. Жылу тұрғын үйлерге, әлеуметтік нысандарға, мектептер мен мекемелерге кезең-кезеңімен берілді. Бүгінде тұрғын үйлер үшін жылыту маусымын 17 сәуірде аяқтау жоспарланып отыр. Ал білім беру және медициналық мекемелерде бұл мерзім сәл ұзағырақ болуы мүмкін. Мамандардың мәліметінше, биыл жылыту маусымы қалыпты режимде өтіп, өткен жылмен салыстырғанда апаттық жағдайлар саны аз тіркелген. Маусым аяқталғаннан кейін жылдағыдай жылу желілеріне сынақ жүргізіледі. Сынақтар сәуір айының соңы немесе мамыр айының басында басталады. Сонымен қатар, алдағы уақытта жылу желілерін жаңарту жұмыстары да жоспарланған. "Aqtobe su-energy group" АҚ жылумен қамтамасыз ету бойынша бас инженері Олжас Мектепбаевтің айтуынша, биыл тариф аясында 3,84 шақырым жылу желісін ауыстыру көзделіп отыр. Жұмыстар қаланың бірнеше бөлігінде, соның ішінде Әбілқайыр хан даңғылы мен басқа да көшелерде жүргізіледі. Бұл мақсатқа шамамен 1 миллиард теңге қаражат қарастырылған. Бұдан бөлек, қосымша жобалар да әзірленіп жатыр. Мамандар егер олар мақұлданса, жөндеу жұмыстарының көлемі арта түсетінін жеткізді.Количество показов: 15
Дата создания: 31.03.2026 07:15:57



















