Түрік инвесторлары Ақтөбені тоқыма, тігін фабрикаларын ашуға қолайлы санайды
Айта кетейік, «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметкерлері Түркияның бірнеше қалалаларында «Ақтөбенің инвестициялық мүмкіндіктері» атты таныстырылым жасады. Нәтижесінде жем-шөп шығаратын, жылыжай салып, қызанақ өсіретін, тоқыма фабрикасы жобасын ұсынған инвесторлар Ақтөбе жеріне келді. Бір тобы әуе рейсі арқылы жеміс-жидек жеткізіп, түрік еліне бізден ет тасымалдауды жоспарлап отыр. Тағы бір бағыт - арзан азық-түлікпен қамтамасыз ету. Жоба жүзеге асса қаланың әр ауданында 10 әлеуметтік дүкен ашылатын болады.
Мұндай әлеуметтік дүкендер тек облыс орталығында емес, әр ауданда ашылады. Қазір аудан орталықтарында арнайы сақтау қорлары әзірленіп, тауар жеткізу тетіктері пысықталып жатыр.
Количество показов: 2339
Дата создания: 04.05.2016 17:56:46