Тұмауға қарсы иммундау: 73 мыңнан астам ақтөбелік екпе алды
Тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны 24 қыркүйектен басталып, бүгінде екпе алғандар саны күн сайын артып келеді. Эпидемиолог мамандардың айтуынша, қазіргі таңда 73 мыңнан астам адам екпе алған. Бұл көрсеткіш тұрғындардың иммундауға деген белсенділігінің артқанын көрсетеді,-дейді олар. Екпені эпидемиялық маусым басталғанға дейін алу маңызды. Себебі вакцина алған соң иммунитеттің толық қалыптасуы үшін шамамен үш апта керек екенін ескертеді ақ халаттылар. Сондықтан қарашаның ортасына дейін екпе алу - өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын қорғаудың ең сенімді жолы. Сонымен қатар, қазіргі таңда барлық деңгейде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілуде. Мысалы медициналық ұйымдарда дезинфекциялық режимді күшейту, температуралық режимді қамтамасыз ету, бетперде кию, медициналық ұйымдардың аумағында және ғимаратында кіреберісте ЖРВИ және тұмау белгілері бар науқастар үшін «сүзгілер» ұйымдастыру шаралары атқарылып жатқанын атап өтті аймақтың бас эпидемиологы.Количество показов: 16
Дата создания: 21.10.2025 08:42:40