ІТ мамандары өзара бақ сынасты
Шаһарда ІТ мамандары өзара сайысты. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық кәсіби шеберлік байқауының өңірлік кезеңі өтті. Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжіне өңір колледждерінің 22 ІТ маманы жиналды. IT сайысының өңірлік кезеңіне Жастілек Насыров 3-ші рет қатысып отыр. Ал республикалық сайысқа 2 рет қатысып, былтыр 3-ші орын иеленген. Өзі 2018 жылдан бастап Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің “бағдарламалық қамтамасыз ету” арнайы пәнінің педагогы. Мұндай конкурстар біліктілігімізді арттыруға, жаңа мүмкіндітерді игеруге жол ашады,-дейді жас педагог. Байқауға облыстағы әр кәсіптік техникалық білім беретін колледждердің 22 оқытушысы қатысты. 7 құзыреттілік бойынша өтті. Олар: Желілік және жүйелік әкімшілендіру, ақпараттық қауіпсіздік, бұлтты бағдарламалау, веб-технологиялар, мобильді робототехника, 1C платформасында бизнес-процестерді автоматтандыру және компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу. Сайыстың мақсаты - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының кәсіби құзыреттілігі жоғары, шығармашыл және бәсекеге қабілетті педагогтерін анықтау, қолдау көрсету, сондай-ақ IT саласындағы озық және инновациялық педагогикалық тәжірибені насихаттау және тарату. Шараға қатысушылар 7 құзіреттілік бойынша орындарға ие болып, жеңімпаздар республикалық кезеңге жолдама алды.Количество показов: 9
Дата создания: 27.03.2026 03:48:58



















