Түлектер мен ата-аналары жеміс ағаштарын отырғызды
Хиуаз Доспанова атындағы №14 орта мектептің аумағы тағы да жасыл желекке толды. Бүгін мұнда түлектер мен ата-аналар жеміс ағаштарын отырғызып, игі іске үлес қосты. Экоакция барысында 31 түп жеміс ағашы егілді. Соның ішінде - өрік, алмұрт және алма ағаштары. Айта кетейік, мұндай жұмыстар мектепте былтыр да қолға алынған. Сол кезде отырғызылған ағаштар бүгінде жеміс беріп үлгерген. Тіпті, мектеп аумағында шағын бақша қалыптасқан. Жасыл желектерді күтіп-баптау үшін арнайы еңбек лагері құрылған. Оқушылар жаз мезгілінде осы жерде жұмыс істеп, тәжірибе жинақтайды. Ал алынған өнімдер аз қамтылған отбасыларға таратылған. Мектеп басшысының айтуынша, бұл бастама алдағы уақытта мектеп ауласын нағыз шағын баққа айналдыруды көздейді. Бұл - мектепке деген құрмет пен болашаққа жасалған инвестиция. Алдағы уақытта да мұндай бастамалар жалғасын тауып, мектеп ауласы одан әрі көркейе түспек.Количество показов: 7
Дата создания: 06.05.2026 07:30:11



















