Тіл жанашырлары марапатталды
5-қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні. Еліміздегі маңызды мерекеге орай «Мемлекеттік тіл - ұлт бірлігінің негізі» атты семинар-кеңес өтті. Басқосуда мемлекеттік тіл саясатын іске асыру барысы, оның қоғамдағы орны мен мәртебесін арттыру мәселелері талқыланды. Спикерлер тіл маңыздылығына тоқталды. Шара барысында мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жүрген белсенді азаматтарға, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының қалалық бастауыш ұйымы төрағаларына алғыс хаттар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай семинарлар тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, жастардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді. Қазақстанда 100-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Олардың әрқайсысының тілі мен мәдениетін дамытуға елімізде жағдай жасалған. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ал орыс тілі ресми түрде қолданылады. Сонымен бірге, өзге этностардың ана тілін оқыту үшін жексенбілік мектептер, мәдени орталықтар да жұмыс істейді. Қазақ тілі – елдіктің еңсесі, ұлтты ұйыстыратын ұлы күш. Бүгінгі шара соның айғағы іспеттес. Ана тілімізді ардақтап, келер ұрпаққа аман жеткізу баршамыздың қасиетті борышымыз.Количество показов: 15
Дата создания: 06.09.2025 09:15:52