ТҮКШ мәселелерді шешуге шетелдік мамандар тартылуы мүмкін
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы өте мүшкіл жағдайға түсті. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында. «Үкімет пен жергілікті атқарушы биліктің әрекетсіздігі салдарынан еліміздің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы ондаған жыл бойы қараусыз қалып, оның жай-күйі өте мүшкіл жағдайға түскенін атап өтті Мемлекет басшысы. Жаңа үлгі бойынша тарифтер өскен сайын халыққа сенімді әрі сапалы қызмет көрсетілуі тиіс. Бұл іске «Ақылды қала» құру тұжырымдамасының көмегі тиері сөзсіз, оны еліміздің барлық өңіріне тарату керек. Президент ол үшін озық халықаралық тәжірибелерді қолданып, білікті басшыларды, соның ішінде шетел мамандарын тарту қажеттігін айтты. Шетелдік мамандарды қала жұмысына тарту туралы сауалды қала тұрғындарына қойып көрген едік. Олар бір ауыздан "өз еліміздің азаматтары ғана қаланың тыныс-тіршілігін біледі, шетелдіктердің басқаруы қажет емес" деген пікір білдірді.Количество показов: 32
Дата создания: 09.09.2025 07:57:57