Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресушілер педагогтермен кездесті
"Ашық қоғам - әділ ұрпақ: білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет». Бүгін осындай атаумен мектеп және колледж педагогтері, ата-аналарымен кездесу өтті. Шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаменті және облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өтіп отыр. 400-ге жуық адам қатысты. Бүгінгі кездесудің басты мақсаты- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында мектеп пен ата-аналар арасындағы әрекетті күшейту, сондай-ақ білім беру ұйымында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, ата-аналар мен педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру, жас ұрпаққа адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты құндылықтарды насихаттау. Кездесу барысында ұрпақ арасында адалдық, әділдік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды ілгерілету үшін педагогтер мен ата-аналардың бірлескен үйлесімді жұмысының маңызы ерекше атап өтілді. Сонымен қатар шарада мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара ықпалдастықты күшейту сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда маңызды рөлге ие екені көрсетілмек. Себебі бала көргенін жасайды. Үйде де бала тәрбиесіне аса мән берілу керек. Кездесу облыс мектептері мен колледждерінде адалдық пен әділдік қағидаттарын насихаттауға, педагогтер мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды кездесу болып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді, -деп атап өтті ұйымдастырушылар.Количество показов: 11
Дата создания: 13.12.2025 09:12:20



















