Суда жүзетін жабайы құстарды, тұяқты жануарлар мен жабайы аңдарды аулау маусымы басталды
Облыс аумағында 53 аңшылық шаруашылық бар. Аңшы бір шаруа қожалығына рұқсат алса, басқасының аумағында аң аулай алмайды. Сондай-ақ маусым басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін аң аулауға тыйым салынған.Аңшылардан талап етілетін құжатта куәлікті жыл сайын тіркеу ақысын төлегені туралы түбіртек, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат, аңшылық шаруашылығы нысанының жолдамасы, атыс қаруымен аң аулағанда ішкі істер органдарының арнайы рұқсаты, алғыр жыртқыш құстармен аң аулағанда тіркеу туралы құжат талап етіледі. Сондай-ақ, тәртіпті сақтамай заң бұзғандарға 10-100 айлықтық есептік көрсеткіш бөлемінде айыппұл салынады. Дегенмен инспекция мамандары жал сайын облыста аң аулаушы тұрғындар саны азайып бара жатқандығын алға тартады. Ел аумағында құстың 59 түрі мен 34 түрлі сүтқоректі қорғауға алынған. Қазіргі таңда елімізде 634 аң шаруашылығы бар, онда 2447 қорықшы жұмыс істейді. Республикада 130 мыңнан астам аңшы тіркелген.
Количество показов: 13
Дата создания: 16.09.2026 09:37:51



















