Су шайған бау-бақша ұжымдары дезинфекцияланбақ
Шаһардағы су басқан аймақтарды дезинфекциялау жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгін Қорғаныс министрлігінің жасақтары қаладағы "Гаухар" бау - бақша ұжымының маңын зарарсыздандырды. 3 бірлік техника мен 12 сарбаз аудандағы зират маңын хлорлады. Айта кетейік, күні кеше дәл осындай жұмыстар Мағаджан елді - мекені мені № 6 бау - бақша ұжымдарында жүргізілген болатын.Су басқан аймақтарды дезинфекциялаудың басты мақсаты - жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу. Себебі, эпидемиологиялық аймақтарда, оның ішінде зираттар мен кәріз жүйесін су шайған сәтте ауаға түрлі аурулар тарауы мүмкін. Мәселен, ішек аурулары бұл адам денсаулығына қауіпті кеселдердің бірі. Сондықтан, шаһарда қызыл су басқан аймақтарды дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.Айта кетейік, қаладағы су шайған аймақтарды дезинфекциялау шаралары Қорғаныс министрлігінің тапсырмасына сәйкес тегін жүргізіледі. 107 бау - бақша аумағы, яғни жалпы аумағы 5082 гектар жерді хлорланатаны болады.Количество показов: 340
Дата создания: 24.04.2024 05:31:13