Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай сала үздіктері марапатталды
Су ресурстарын сақтау, су нысандарын қорғау және халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Осы маңызды міндетті абыроймен атқарып жүрген су шаруашылығы саласының мамандары кәсіби мерекелерінде ерекше құрметке бөленді. Салтанатты жиында су шаруашылығының дамуына елеулі үлес қосқан 10 маманға облыс әкімінің құрмет грамотасы, сондай-ақ су ресурстары және ирригация министрлігінің "Еңбек ардагері", "Ауыл шаруашылығы үздігі" сынды ведомстволық марапаттар табысталды.Марапат иелерінің бірі Жиенқұлов Жаңбырбай. Ол бұл салада он жылға жуық еңбек етіп келеді. Айтуынша, су шаруашылығына әуесқой қызығушылығы жетелеп әкелген. Бүгінде табиғи су қорын қорғау мен балық ресурстарын сақтауға өз үлесін қосып жүр. негізгі мамандығы басқа болса да, осы қызметін қатты сүйетінін айтады. Мамандардың айтуынша, су шаруашылығы елдің экологиялық қауіпсіздігі мен әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды салалардың бірі. Сондықтан бұл бағыттағы кәсіби мамандардың еңбегін бағалау олардың жауапты қызметіне көрсетілген құрметтің белгісі.
Количество показов: 13
Дата создания: 11.07.2026 08:20:47



















