Суға шомылу маусымы жабылды
Шомылу маусымы 31 тамызда жабылды. Бүгін ТЖД суға түсу маусымының қалай өткені туралы жұмыстарын қорытындылады. Брифингте жаз бойы қандай жұмыстар жүргізілгеніне тоқталды. Өкінішке орай суға түсу ережесін сақтамай, суға кеткендер де бар. Облыс аумағында биыл суға шомылуға рұқсат етілген 64 орын болды. 206 орында шомылуға тыйым салынып, 350-ден астам тыйым салу белгісі орнатылды. Суға түсу маусымында 45 судағы демалыс орны жұмыс жасады. Оның ішінде 24 коммерциялық және 21 коммуналдық жағажай. Шомылу маусымы басынан полиция қызметкерлерімен бірлесіп, судағы қауіпсіздік ережелерін бұзған 702 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды,- дейді төтеншеліктер. Су айдындарындағы оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында жаз бойы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп іс шаралар жүргізілді. Атап айтсақ, білім басқармасымен мектеп жанындағы 384 лагерлердің жұмысы түстен кейінге ауыстырылды. Су айдынына 33 бақылау камерасы орнатылып, департаменттің басқару орталығына қосылды және өзен бойындағы тұрғындарға дауыс зорайтқышы бар ұшқышсыз ұшу аппаратымен ескерту жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар су айдындарын тексеру жұмыстары әлі де жалғасатынын айтты.Количество показов: 23
Дата создания: 09.09.2025 08:00:18