Суға шомылу маусымы басталды. Балаға абай болыңыз!
Нокин даңғылы бойындағы коммуналдық жағажай жұмысын әлі бастамаған. Мұндағы жұмысшылар екі аптадан бері қоқыспен арпалысып жүр. Қыс бойы айнала қоқыс алаңына айналған. Дегенмен, суға шомылу маусымына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Жағалау құмын тегістеп, демалушыларға ыңғайлы жағдай жасап жатыр. Коммуналдық жағажай жұмысы 1-2 күнде басталады. Арнайы талап бойынша алынған білікті екі құтқарушысы бар. Жағажайға кіру әзірге тегін. Дегенмен, әкімші алдағы уақытта ақылы қыламыз деген ойымен де бөлісті. Тзалық сақталар деген үмітте.Тағы бір мәселе - қараусыз жүрген балалар. Жиі келетіндердің жас шамалары 5-12 жас аралығы. Айналадағы үйлер мен саяжайлардан көп келеді екен. Ата-анасының қарауынсыз жүргендерді кейін қайтарамыз дейді жағажай өкілдері. Себебі, қауіпті. Мас күйінде суға түсетіндер де көбейген. Оларды ұстау қиын, дейді құтқарушылар. Суға шомылуға рұқсат берілмей жатып, суға секіретіндер көп. Қазір құтқарушыларға көмек ретінде әскери полиция қызметкерлері де патрульге шыққан. Қала бойынша су айдындарындағы демалысты ұйымдастыруға 12 орын бекітілді. Осы орындарда 23 жағажай орналасқан. Ал, суға түсуге тыйым салынған 18 орын бар. Биыл жаз басталмай жатып 2 бүлдіршін суға кетті. Біреуі қаладағы жағажайлардың бірінде, екіншісі-Шалқар ауданында. Жаз бойы суды аңсайтын балаларға сақ болайық!Количество показов: 33
Дата создания: 03.06.2025 07:43:07