Суға шомылу ережесін сақтамағандарға 4 млн. теңгеден астам айыппұл салынды
Аймақта суға шомылу маусымының қызған шағында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр. Биыл облыс аумағында жалпы 64 шомылуға рұқсат етілген және 206 тыйым салынған су айдыны белгіленді. Аталған қауіпті аймақтарға 356 арнайы тыйым салу белгісі орнатылған. Жергілікті әкімдіктер бұл белгілердің жай-күйіне апта сайын түгендеу жүргізіп отыруға міндеттелді. Департаменттің сүңгуірлік тобы 73 шомылу орнының су түбін тексеріп, нәтижесінде 45 орынға шомылуға рұқсат берген. Ал, қалған 28 орын қауіпті деп танылған. Оған қамыстың қалың өсуі, балшықты жерлер мен жаралардың болуы себеп болып отыр. Алайда, рұқсат берілген 45 орынның 33-і ғана ашық. Оған тиісті құтқару инфрақұрылымының-құтқару бекеттері мен жасақшы құтқарушылардың болмауына байланысты. Қазіргі таңда өңірде 35 суға түсу орны бар. Оның екеуі аквапарк. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында күн сайын 367 қызметкер су айдындарын патрульдеуге шығады. Жедел әрекеттің нәтижесінде су жағасында қараусыз жүрген 27 баланың ата-анасына түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, 2 адам құтқарылды. Суға шомылу маусымы басталғалы бері 370-ке жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Ресми мәліметтерге сәйкес, биыл 1 бала суға батып, көз жұмған. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда анағұрлым азайғанымен, толық қауіпсіздікке жету үшін шаралар жалғасуда, дейді төтеншеліктер. Жауаптылар тұрғындарға тек рұқсат етілген орындарда ғана шомылып, балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.Количество показов: 20
Дата создания: 03.07.2025 06:23:46