Студенттер жол қауіпсіздігі жөніндегі жобаларын қорғады
Ал, Ислам Мұхтар "Мега" сауда, ойын-сауық орталығы алдында жерүсті жаяулар өткелін салу керек деп есептейді. Өткел осы ауданда көлік іркілісін азайтып, жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Студенттің зерттеуінше, аталған аумақтан қазір сағатына мыңнан астам көлік, мыңға жуық жолаушы өтіп жүр.
Жол инспекторлары студенттердің бұл ұсыныстарын ескеруге уәде берді. Үздік жоба авторларына ІІД атынан грамоталар табысталды. Аға инспектор Еркін Өтегеновтің айтуынша, жол-көлік оқиғаларының алдын-алу бойынша жасалған шаралардың арқасында биыл облыста жол апаттары азайған.
Сараптамаға қарағанда, ақтөбелік жүргізушілер көбіне қарсы бағытқа шығып кетіп, жылдамдықты асырып, мас күйінде көлік жүргізіп, апатқа ұшырайды.
Количество показов: 1875
Дата создания: 16.11.2016 19:12:43