Істен шыққан фонтандар қашан реттеледі?
"Бебітшілік" даңғылы бойында орналасқан екі бірдей субұрқақ істен шыққан. Тұрғындар фонтандар жиі бұзылатынын айтып, жазда демалатын орын жоқ деп налиды. Қалалық №16-ші орта мектеп алдындағы мына субұрқатың да жұмыс істемей тұрғанына біраз уақыт болған. Айналасы қаңсып тұр. Әлеуметтік желіде де бұл мәселе қызу талқылануда. өндеуден өткендері де жиі істен шығады, дейді қараша халық. Әсіресе Тұрғындар қалашығы ауданындағы фонтандардың жағдайы сын көтермейді. Тұрғындарының айтар назы көп. Ал "Металлургтер" мәдениет үйінің алдындағы үлкен фонтанға жақында жөндеу жұмыстары басталыпты.Қала әкімінің баспасөз хатшысы Айгүл Байменова қазіргі уақытта шаһардағы 22 фонтанның 19-ы жұмыс істеп тұрғанын айтады. Ал қалған үш фонтан жөндеуден өтіп, жақында іске қосылуы тиіс.Количество показов: 13
Дата создания: 16.07.2025 06:11:26