Сотталғандар жасаған өнімдердің жәрмеңкесі өтті
Бүгін шаһарда сотталғандар жасаған өнімдердің жәрмеңкесі өтті. "Табыс" базарында өткен шараға түзету мекемесінде жазасын өтеушілердің қолынан шыққан өнімдер қойылды. Оларды жұмыспен қамтушылар - жеке кәсіпкерлер. Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы кәсіпкерлерді мекемеде сотталғандарға жұмыс беріп, кәсіп ашуға шақырды. Бүгін Табыс базарында ерекше жәрмеңке өтті. Көрме-жәрмеңкені облыстық қоғамдық кеңес және қылмыстық атқару жүйесі департаменті бірге ұйымдастырған. Көрмеге түзету мекемелерінде жазасын өтеушілердің еңбек өнімдері қойылған. Ағаш ыдыстар, арнайы киімдер, ағаш кемелер, құрылыс материалдары мен мұнай өнімдеріне арналған резеңке бұйымдар көпшіліктің назарына ұсынылды. Аймақтағы №8 түзету мекемесінде 18 жеке кәсіпкер жазасын өтеушілерді жұмыспен қамтып отыр. Қазір мыңға жуық сотталушының 200-ден астам жұмыс жасайды дейді департамент басшысы. Еңбектерінің ақысын алып, өз қажеттілігіне жұмсайды екен. Мұндай кәсіпкерлердің бірі - Ұлағат Шофер. Жылу қасбетін шығарады. Қазір мекемедегі 11 сотталушыны жұмыспен қамтып отыр. Дегенмен, жұмысшылардың жалақысы туралы нақты жауап бермеді. Бүгінгі шараға облыстық кәсіпкерлік индустриалды-инновациялық даму басқармасы, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы және шағын бизнес өкілдері қатысты. Негізгі мақсат - сотталушыларды жұмыспен қамту. Атамекен палатасы өкілі түзету мекемесінде кәсіп ашып, жұмыс беру кәсіпкерлер үшін тиімді дейді. Себебі жұмысшылардың әлеуметтік жағдайына бас ауыртпайды. Олар жатын орын, тамақ, киіммен қамтылған. Тек еңбек ақылары тиісті деңгейде төленсе болғаны.Количество показов: 10
Дата создания: 19.12.2025 09:17:03



















