Әскерден келген жастар университеттерде тегін білім алып жатыр
Әскерге барып келгендер университетке тегін түсе алады. Қорғаныс министрлігі Отан алдындағы борышын өтеп келген жастарға үлкен мүмкіндік ұсынуда. Жоғары оқу орындарында тегін білім алу үшін талапкер алдымен бірқатар білім тесттерінен өтеді. Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 1-курсында оқып жүрген бұрынғы сарбаз, қазіргі студенттермен таныстық. Ержан Тынышқали - Ырғыз ауданының тумасы. Жасы 20-да. Ақтөбеге келіп колледжде білім алып, кейін Отан алдындағы борышын өтеуге кеткен. Орал қаласында бір жыл әскери мерзімін өтеп, мүмкіндікті пайдаланып тегін оқуға тест тапсырып, жоғары нәтиже көрсеткенін айтады. Болашақ кенші қазір Қ.Жұбанов атындағы АӨУ техника факультетінде мұнай және кен өндірісі мамандығы бойынша білім алып жатыр. Студенттің білім алып, болашқта өз мамандығымен жұмыс жасайтын жоспары бар. Алға қойған, айқындалған мақсаты да жоқ емес. Жалпы бұл жобаның мақсаты – жастардың мерзімді әскери қызметін өтеуге деген ынтасын арттыру. Әскерге барып келгендерге бірнеше жеңілдік жасалады. ҰБТ-ны есепке алмай, әңгімелесу нәтижесі бойынша екі жыл ішінде ақылы негізде жоғары оқу орнына түсу; ЖОО әскери кафедрасында тегін оқу; мерзімді әскери қызметті өтеу кезіндегі жетістіктеріне қарай жоғары оқу орны грантын беру; әскери оқу орындарына емтихансыз және ҰБТ-сыз оқуға түсу. Бүгінде облыс бойынша 2025 жылы ЖОО тегін сертификатты 120 сарбаз алған. Олар еліміздің жоба аясында белгіленген оқу орындарында білімдерін алып жатыр. Берілген сертификат екі жылға дейін жарамды.Количество показов: 5
Дата создания: 07.02.2026 08:39:14



















