Шевченко көшесінің тұрғындары аулаларындағы жөндеу жұмыстарына наразы
Қайта жөндеу жұмыстары осыдан 10-15 күн бұрын басталған. Десе де, тұрғындардың жөндеу жұмыстарына көңілдері толмайды. Айтуларынша бұрын үйлерінің алдында асфальтталған көлік тұрағы болған. Жөндеу жұмыстары басталған соң асфальтты сыпырып алып, бос жер тастап кетіпті. Кейін жаяу жүргіншілер жолы салынған. "Ол жер жедел-жәрдем көлігі мен өрт сөндіру көлігінің өтуіне кедергі жасайды" дейді тұрғындар. Жоба бойынша тұрғын үйлердің ауласына футбол алаңы салынуы тиіс екен. Десе де, оған қарсылық білдіретіндер де бар. Кеш құрым ауламыз балалардың шуынан жаңғырыққа айналып кетеді ме, деп қорқады. Әрі ауланың қақ ортасында орналасқан қоқыс жәшіктерін қашықтау тұрғанын қалайды. Шаһарда 1800 көпқабатты үй бар. Ал, аталмыш аула биыл жөнделетін 100 ауланың тізіміне енген. Мердігер - "CK NEW city" серіктестігі. Қала әкімдігінің баспасөз хатшысының мәліметінше, жобада тұрғындардың өтініші бойынша футбол алаңы қарастырылған. Ал, аула бірнеше үйге ортақ. Тұрғындардың наразылығына байланысты мердігерге жобаны өзгерту мүмкіндігін сұраған. Дегенмен, басталып қойған жұмысты қайта өзгерту уақытты қажет етеді.Количество показов: 21
Дата создания: 13.06.2025 09:01:27