Шетел азаматтары қар құрсауында қалды
Кеше Әйтеке би ауданы аумағында республикалық маңызы бар автожолының 975-шақырымында техникалық ақауға байланысты жолаушылар көлігі тоқтап қалды. Мәскеу қаласынан Тәжікстанға бағыт алған автобустағы 57 адам, оның ішінде 3 бала ТЖД күштерімен құтқарылды. Барлығы – Тәжік азаматтары. Медициналық көмек қажет болмаған олар Қарабұтақ ауылындағы мешітте орналасқан жылыту пунктіне орналастырылды. Сонымен қатар, Қарғалы ауданында жергілікті маңызы бар «Жосалы – Ашылысай» автожолында да авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Қар құрсауында қалған екі автокөліктен Ташкент қаласынан Мәскеу қаласына жол тартқан Өзбекстан Республикасының 11 азаматы құтқарылды. Автокөліктер қардан шығарылып, Жосалы ауылына сүйретіліп жеткізілді,- дейді төтеншеліктер. Құтқарылған азаматтар Жосалы ауылындағы орта мектеп базасында ұйымдастырылған жылыту пунктіне орналастырылды. Құтқарушылар ауа райының қолайсыз кезеңінде алыс жолға шықпауға және жол қозғалысы шектеулері туралы ақпаратты қадағалап отыруға шақырады. Өзіңіздің және өзгенің өміріне аса жауаптылықпен қарап, 112 нөміріне келетін хабарламаға бей-жай қарамауыңыз сұралады,-деп ескертеді ТЖМ.Количество показов: 11
Дата создания: 18.12.2025 09:39:40



















