Шенділер жол мәселесіне қатысты уәделерін орындап жүр ме?
Ақтөбенің жолдары сын көтермейтіні рас. Оған дәлел - Темірбек Жүргенов және Жәнібек хан көшелерінің қиылысындағы тас жол. Жолдың қазіргі жағдайы мәз емес. Жүргізушілер темір тұлпарымыздың сау тамтығы қалмайтын болды, деп налиды. Айтуларынша, жағалылардың бұл көшені жөндейміз, деп уәде бергендеріне 2 жыл болған. Жол жөндеу жұмыстарына бюджеттен млрд-таған ақша бөлінеді. Ал, жауаптылар уақытылы жолдар жөндеуден өтіп жатыр дегеннен танбайды. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі аталмыш учаске бойынша тұрғын үй комуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары барып тексеру жүргізетінін мәлімдеді. Шұқырды жабу жұмыс жоспарына қосылады, жасалатын болады, деп хабарламада.Количество показов: 16
Дата создания: 01.07.2025 07:03:13