Шегірткемен күрес жалғасып жатыр
Биыл аймақта шегірткеге қарсы күрес шаралары 512 мың гектардан астам алаңда жүргізілуі тиіс. Оның ішінде 368 мың гектар жер жерүсті тәсілімен, 144 мың гектар — авиациялық әдіспен өңделеді. Бүгінге дейін жрспарлы істің 90 пайыздан астамы орындалған. Мамандардың сөзінше, өңдеу шараларына 73 бірлік жерүсті, 13 аэрозолды генератор және 9 ұшақ тартылған. Аймақта саяқ шегірткелерге қарсы өңдеулетін жер көлемі 88 мыңға жуық гектар. Өңірде Қоныстанған жаңа ошақтарды анықтау және залалсыздандыру шаралары тұрақты жүргізілуде. Шегірткелерге қарсы күрес жұмыстары күнделікті бақылауға алынып, тиісті шаралар жоспарға сәйкес ұйымдастырылып жатыр дейді жауаптылар. Жоспардың 91 пайызы химиялық өңдеуден өтті. Бұл жұмыстар облыс орталығы мен барлық аудандарда бір мезгілде жүргізіледі.Количество показов: 13
Дата создания: 26.06.2025 07:47:12