"ШЧ-5" бау-бақша ұжымы жарықсыз қалды
Ұжымда тұратын 30-шақты үйдің проблемасы бір. Несиеге алған тұрмыстық техникаларынан қағылды. Үйді жылытқыш құралдары да жанып кеткен. Енді оны ауыстыра беруге қалта көтермейді дейді саяжай тұрғындары.
Тұрғындар бұл бау-бақша ұжымына 2006- жылдан қоныстана бастаған. Барлығы үйлерін жекешеліндіріп алған. Бау-бақша ұжымына жарық пен газ өткізілген. Онымен мұндағы үйлерге қалалық тұрғын үй статусы берілмейді. Сондықтан да бастарына бүгінгідей іс түссе ешкім көмекке келмейді. Дегенмен, олар "ШЧ-5" ұжымының төрағасынан жарық жүйесін үнемі қадағалап отыруды сұрайды. Бау-бақша ұжымы тұрғындары жарық үшін қаладағы көпқабатты үй тұрғындарына қарағанда артығырақ төлейді. Ал, төраға Асхат Иманқұлов кінәні тұрғындардың өзіне артып отыр.
Ал, қаланы жарықпен қамтамасыз етіп отырған "Энергожүйе" ЖШС-гі басшылығы бұл мәселеден хабардар. Бірақ жанып кеткен желі бау-бақша ұжымының иелігінде. Жылу мен жарықтан қағылған тұрғындар мәселені шешу үшін таңнан бері төрағаны торуылдап жүр. 30-ға жуық үй иесі мәселе шешілмесе сотқа шағымданбақ. Шығын өтелмегенімен, жарық желісі реттеліп, қысымға шыдас бере алатын тоқ тартылса деп отыр амалы құрыған тұрғындар.
Количество показов: 1490
Дата создания: 23.11.2018 19:35:35