Шаруалар «Кең дала 2» бағдарламасына қатыса алады
Аграрлық несие корпорациясы «Кең дала 2» бағдарламасын биыл 1 қазанда іске қосады. Бағдарлама жаңа ауыл шаруашылығы маусымына тиянақты дайындалуға, жанар-жағармайды қолайлы бағамен сатып алуға, тыңайтқыш алуға, техниканы жөндеуден өткізуге және қажетті тұқым қорын жинақтауға жол ашады. «Кең дала 2» шеңберінде жылдық 5% жеңілдетілген сыйақы мөлшерлемесі ұсынылады. Осы орайда, кепіл мүлік мәселелесін шешу үшін қарыз сомасының 85%-ына дейін «Даму» қорының кепілдігімен қамту жоспарланған. Жылдан жылға өскен динамика аграрлық секторды жүйелі қолдау шараларының кеңейіп келе жатқанын көрсетеді, дейді жауаптылар. Агроөнеркәсіп үшін негізгі басымдық - қаржыландыру механизмдерін ыңғайлы, түсінікті және аграрлық сектордың өзекті сұраныстарына жауап бере алатындай етіп жетілдіру - басты міндет болып қала бермек. "Кең дала 2" бағдарламасына қатысуға өтінім беру үшін фермерлер Аграрлық несие корпорациясының өңірлердегі филиалдарына жүгіне алады. Қосымша толық ақпаратты Agrocredit.kz сайтынан алуға болады.Количество показов: 22
Дата создания: 30.09.2025 00:22:45