Шаруаларға 5 пайыздық мөлшерлемемен несие беріліп жатыр
Биыл көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарына жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен несие беру басталды. Шаруалар «Кең дала-2» бағдарламасы аясында қарызды 12 айға дейін рәсімдей алады. Кепілдік «Даму» қоры мен «Аграрлық несие корпорациясының» талаптарына сәйкес рәсімделеді. Жаңа қаржыландыру жүйесі былтыр қарашада басталған. Ауыл шаруаларына егіске алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді. Тұқым, тыңайтқыш, дизель отыны мен химиялық препараттарды сатып алуға және техниканы дайындауға көмектеседі. Аймақта биыл 70 шаруашылық «Кең дала-2» бағдарламасымен жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Оның ішінде 62 шаруашылыққа «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 4,8 млрд теңге бөлінсе, 8 шаруашылық «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 1,1 млрд теңгемен қаржыландырылды.Количество показов: 45
Дата создания: 04.09.2025 08:28:13