Шанхай ауданының тұрғындары санитарлық тазалыққа қатысты пікірлерін білдірді
Қаламыздағы Шанхай ауданының санитарлық жағдайы тұрғындар арасында өзекті болып отыр. Тұрғындардың айтуынша, тұрмыстық қалдықтар уақытылы шығарылғанымен, ескі ағаштарды кесу мен аулалардан жиналған шөп-қалдықтарын шығару мәселесі әлі де шешімін таппай отыр. Шанхай ауданындағы жеке сектор тұрғындары аулаларын таза ұстауға тырысады. Тұрғындардың айтуынша, тұрмыстық қоқыс аптасына екі рет шығарылады. Бұл бағытта айтарлықтай мәселе жоқ. Алайда аула алдындағы ескі қураған ағаштар тұрғындардың алаңдаушылығын туғызуда. Жел күшейген кезде құлап кету қаупі бар ағаштарды кесу жұмыстарын жауапты мекемелер атқарса екен дейді. Тағы бір мәселе- аула ішіндегі қураған шөп. Тұрғындар қуараған шөпті арнайы жинап қойғанымен, қоқыс тасымалдаушы мекемелер мұндай қалдықтарды алып кетпейтінін айтқан. Ал аулада өртейін десе, айыппұл арқалаймыз ба деген үрей де жоқ емес. Тұрғындар бұл мәселені шешу үшін жасыл қалдықтарды қабылдайтын арнайы орындар немесе оларды шығару тәртібі туралы нақты ақпарат қажет екенін айтады. Шанхай ауданы тұрғындарының айтуынша, жиналған шөптерді қайда апару керектігі мен қауіпті ағаштарды кесу мәселесі шешілмейінше, санитарлық тазалықты толық қамтамасыз ету мүмкін емес,- дейді олар.Количество показов: 19
Дата создания: 22.07.2026 09:55:23



















