Шалғай ауылдарда шұғыл медициналық көмек желісі кеңеюде
Өңірде «Ауылдық денсаулық сақтауды модернизациялау» пилоттық ұлттық жобасы жалғасып жатыр. 2023 жылдан бастап аудандарда жаңа дәрігерлік амбулаториялар, медициналық пункттер мен фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, аудандық ауруханаларды жаңғырту жобалары әзірленіп жатыр. Жобаның аралық нәтижелері бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасында баяндалды. Соңғы екі жылда өңірдегі ауыл медицинасы айтарлықтай өзгерді. Бұл облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі. Қолданысқа 20-ға жуық жаңа нысан берілді. Қатарында шағын медицина пункттерінен бастап заманауи амбулаторияларға дейін бар. Тек 2023 жылы сегіз ұйым ашылса, былтыр тағы он нысан пайдалануға берілді. Хромтау, Мұғалжар, Байғанин мен Темір секілді өзге аудандарда жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер мен амбулаториялар ел игілігіне берілді. Инвестиция көлемі үш жарым миллиард теңгеден асты — қаражат Ұлттық қордан, Үкімет резервінен және облыстық бюджеттен бөлінді. Биыл пайдалануға берілген нысандардың тоғызында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған. Шалғай елді мекендердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек желісі кеңеюде, дейді Тәжіғұлов. Одан бөлек, 3 аудандық орталық аурухана модернизацияланып, Ұлттық жоба аясында Шалқар, Хромтау, Мұғалжар аудандық ауруханаларына үш қосымша ғимарат салу жоспарланған. Өңір бюджетінен үш аудандық аурухана үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындауға 21,4 млн теңге бөлінді. Ал, 2026 жылға дейін облыста отыздан астам ауылдық денсаулық сақтау нысаны салынып, модернизациядан өтеді, деп болжап отыр денсаулық сақтау басқармасы.Количество показов: 8
Дата создания: 12.12.2025 08:10:15



















