Шалқар көлінен 15 жастағы баланың денесі табылды
Шалқар көлінен 15 жастағы баланың денесі табылды. Шалқар ауданы, Шалқар қаласында ТЖД жедел-құтқару жасағының күшімен мәйіт судан бүгін шығарылған. Қайғылы оқиға кеше кешкі сағат 5-тер шамасында болды. Жасөспірім шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға батып кеткен. Құтарушылардың мәліметінше, көлдің ұзындығы 120, ені 40 метр. Тереңдігі - 4-тен 6 метрге дейін жетеді. Мамыр айында суға кеткен екінші бала. 18-мамыр күні Ақтөбеде үш жастағы сәби суға батып кеткен еді. "Семейный" демалыс базасына ата-анасымен демалысқа барған бүлдіршіннің денесін сүңгуірлер жағадан 5 метр қашықтықтан, 2 метр тереңдіктен алып шықты. Ата-анасы көз жазып қалған.Оқушыларда жазғы демалыс басталды. Су айдындарында 12 орын белгіленген. Онда 23 жағажай болады. Қала аумағында 18 суға түсуге тыйым салынған орындар анықталған. Жыл басынан бері 120 ескерту белгісі орнатылды. Биыл жаз бойы су айдындарындағы қауіпсіздікті 140 адам бақылайды. Былтыр 8 адам суға кетті, оның үшеуі бала.
Количество показов: 27
Дата создания: 24.05.2025 09:43:08