Шалқар ауданында енді жүзу бассейні бар
Шалқарда ауданында көлемі 3 мың шаршы метрді құрайтын жаңа спорт кешені ашылды. Үш жыл бұрын спортшылар облыс әкімі Асхат Шахаровтан Цеханович мектебін жаңадан салып беруге өтініш жасаған. Сол жоба қазіргі таңда жүзеге асып, бұрынғы спорт орталығынан 12 есе үлкен спорт нысаны салынды. Жаңа ғимаратта спортпен айналысуға қолайлы жағдай қарастырылған. Кең жаттығу залдары, киім ауыстыратын бөлмелер және 300 орындық көрермендер трибунасы бар. Орталықтың ашулуына келген ресми тұлғалар жаңа спорт кешендері бұқаралық спортты дамытуға серпін беретінін атап өтті. Сонымен қатар, ендігі уақытта аудан тарихындағы алғашқы жүзу бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру нысанының да есігі ашық. Орталықта 25 метрлік бассейн, жаттығу залы және спортпен айналысуға қажетті барлық жағдай қарастырылған. Мұнда жүзу, ауыр атлетика, пауэрлифтинг, кроссфит секілді спорт түрлерімен қатар шахмат пен тоғызқұмалақ үйірмелері де жұмыс істейді. Жалпы алғанда, 300-ден астам бала спортпен шұғылдана алады. Облыс әкімінің орынбасарының айтуынша, бұл жоба Президенттің спорт инфрақұрылымын кеңейту жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асқан. Бүгінде Шалқар өңірі спортшыларымен танымал. Бұл мектептен талай чемпиондар шыққан. Олардың қатарында КСРО халықтары Спартакиадасының бес дүркін чемпионы Есенгелді Батырғарин, грек-рим күресінен Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының қатысушысы Мейрамбек Айнағұлов және әлем чемпионы Қуанышбек Жаңажол бар. Жас спортшылар да жаңа нысанға қуанышты. Шалқарлықтар жаңа кешен болашақ чемпиондардың шығуына жол ашады деп сенеді.Количество показов: 5
Дата создания: 06.03.2026 07:12:04



















