Шаһарымызда іскер әйелдердің кездесуі өтті
Қазіргі таңда қоғам өмірінде белсенді, өз ойын ашық айтып, жауапкершілікті сезінетін қыздардың рөлі артып келеді. Осы бағытта бүгін шаһарымызда «Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Next Gen Leaders» кездесуі өтті. Спикер ретінде шақырылған қаламыздың кәсіпкер қыздары өз тәжірибелерімен бөлісті. Шараның мақсаты — қыздардың көшбасшылық қасиеттерін дамытып, өзіне деген сенімділігін арттыру. Кездесуге әр салада жетістікке жеткен ақтөбелік іскер әйелдер мен жас қыздар қатысты.Олар табысқа жетудің қыр-сырымен бөлісіп, қыздарға өз мақсаттарына нық сеніммен қадам басуға шақырды. Шараға спикер ретінде қалалық мәслихат депутаты, жергілікті кәсіпкерлер , Ақтөбе іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері шақырылды. Олардың әрқайсысы өз тәжірибелерімен бөлісіп, қиындықтар мен табыс жолындағы ең маңызды қасиеттер — табандылық, еңбекқорлық және сенім екенін атап өтті. Кездесу еркін форматта өтті. Қатысушылар спикерлерге сұрақ қойып, пікір алмасты.Көпшілігі үшін бұл кездесу тек мотивация көзі емес, өмірлік бағыт-бағдар берген ерекше тәжірибе болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жас қыздардың көшбасшылық қабілетін ашуға және олардың қоғамдағы белсенді позициясын күшейтуге ықпал етеді.Орталық алдағы уақытта да осындай кездесулерді жиі өткізуді жоспарлап отыр.«Next Gen Leaders» жобасы – қыз балалардың өз әлеуетін тануға, армандарын іске асыруға және өз орнын табуға мүмкіндік беретін алаң. Бүгінгі кездесу олардың өз күшіне деген сенімін арттырып, жаңа мақсаттарға шабыттандырды.Количество показов: 10
Дата создания: 13.11.2025 07:00:50



















