Шаһардың жаңбырдан кейінгі күйі қандай?
Қаламызда жауын шашыннан кейінгі жағдай тұрақты. Қала көшелерінің басым бөлігінде су тартылып қозғалысқа кедергілер байқалмайды. Алайда шеткі аудандарда батпаққа оранған көшелер бар дейді жергілікті тұрғындар. Айтуларынша, мәселенің басты себебі - жаяу жүргіншілер жолының ескіруі. Десе де, кей ақтөбелік көлік және жаяулар жолдарының біраз жақсарғанын айтады. Жауапты мамандардың мәліметінше, биыл көктемгі су тасқына 120 ассенизатор, 2 қозғалмалы насостық станция және мотопомпалар мен арнайы техникалар дайындалған. 10 000 куб инертті материал және 15 000 дана қапшық әзір тұр. Өңірде қазір су тасқынына қарсы штаб жұмысын жасап жатыр.Количество показов: 11
Дата создания: 04.04.2026 07:38:53



















