Шаһардың шұрық-тесік жолдарына көлік жүргізушілері наразы
Қала ішінде кейбір көшелерден тегіс жол іздеу - қиынның қиыны. Шаһар жолдарының жағдайы тұрғындар арасында түрлі пікір тудырып отыр. Ақтөбеліктердің айтуынша, тасжолдарда шұңқыр көп, бұл мәселе көлік жүргізушілеріне айтарлықтай қиындық туғызатыны анық. Бірі жол сапасы жағдайында өткен жылмен салыстырғанда аздап ілгерілеу барын жеткізсе, енді бірі көңілі толмай, сын айтты. Төлеп отырған салыққа сай қызмет көрсетілмей жатқанын айтып, наразы. Қар еріп, кейбір учаскелерде терең ойық пайда болған. Әсіресе алдағы уақытта жаңбырлы күндері жағдай тіпті қиындай түспек. Шаһарда ұзаққа созылған жөндеу жобалары да жоқ емес. Соның бірі Құрмыш ауданындағы Жуковский көшесі. Мұнда жол жөндеу жұмыстары 6 жыл бұрын басталған. Сол күйі аяқсыз қалып отыр. Стандартқа сай екі қабат асфальт жабындысының кей учаскелерде тек бір қабаты ғана төселген. 5 жылдан астам уақыт ішінде бұл жабынды да жарамсыз күйге түскен.Количество показов: 10
Дата создания: 27.03.2026 03:51:41



















