Шаһарда жанар-жағармай бекеттерінің жұмысы қалыпқа келтірілуде
Қазіргі таңда облыс орталығы мен аудандарда сұйытылған газ литрі үшін 50 теңгеден босатылуда. Ал шалғай ауылдарда баға 55 теңге. Қалада газ құю станцияларының барлығы жұмыс істеп тұр. Бекеттердің маңында өткен аптадағыдай ұзын-сонар кезек жоқ. Жанар-жағармай бағасы, соның ішінде АИ-92 орта есеппен 175, АИ-95- 200, ал дизель отыны 260 теңгеден сатылымда. Айта кетейік, біздің шаһарда 200-ге тарта газ құю станциясы бар.Количество показов: 653
Дата создания: 11.01.2022 19:37:03



















