Шаһарда «Жаңару күні» тойланды
Бүгін - "Наурызнаманың" "Жаңару күні". "Қазақ халқына мың алғыс" алаңында балалар мен жасөспірімдер көпшілікке өз өнерлерін көрсетті. Балалар ұлттық әндерімізді шырқап, қазақ және замануи билерімізді сахналады. Халық та мерекеге орай ұйымдастырылған концерттің куәсі болып, арнайы дайындалған ұлттық тағамдарымыздан ауыз тиді. Биыл мерекелік шараларды ұйымдастырушылар 1 ай уақыт дайындалып, үздік деген туындыларымызды алып келдік дейді. Алаңда жаңа технологиялармен жабдықталған киіз үйлер тігіліп, ұлттық нақыштағы көрме ұйымдастырылды. Ұлттық киім киген жігіттер мен арулар көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, естелік суреттерге түсті. Ал концертті ұйымдастырушы Әлия Жаңалыққызының айтуынша, орталық 7 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Осыған дейін де бірқатар әлеуметтік шаралар даярлаған. Орталық басшысының сөзінше, алаңда концерт құру тәжірибесінде бірінші рет болып тұр. Ол болашақта да үлкен мерекелік жобалар болса, қуана ұйымдастыруға дайын екенін айтты.Количество показов: 7
Дата создания: 20.03.2026 06:54:01



















