Шаһарда жаңа саябақтар мен шағын бақтар саны артып келеді
Биыл облыс орталығында 15 саябақ пен шағын бақты абаттандыру жобасы жүзеге асып жатыр. Барлық жұмыстар жеке компаниялардың қаражатына жүргізілуде. Олардың қатарында «Зерде Керамика», «Анвар», «BS Holding», «Ақтөбе мыс компаниясы», «Center Group» және тағы басқа ірі кәсіпорындар бар. Қазірдің өзінде 7 нысан пайдалануға берілді. Қалған аумақтарда құрылыс пен көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Кеше Қарғалы тұрғын алабында жаңа сквер ашылды. 1,3 гектар жерді алып жатқан демалыс орны жеке кәсіпкер Талғат Салфиковтың қаржысына салынды. Бұл маңда мини-футбол алаңы, әткеншектер, демалуға арналған орындықтар мен балалар аттракциондары бар. Жаңа демалыс орнын ел игілігіне ұсынған кәсіпкер тұрғындардың ризашылығына бөленді. Былтыр да кәсіпкер Мәншук Мәметова көшесінде саябақ салып берген еді. Қала келбетін жақсарту — тек мемлекеттік бағдарламалар арқылы емес, жеке кәсіпкерлердің белсенді қатысуымен де жүзеге асып жатыр. Демеушілердің қолдауымен бой көтерген әрбір жаңа сквер мен парк — тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Мұндай игі істер қоғамның бірлігін, азаматтардың туған жерге деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Қала әкімдігі алдағы уақытта да бизнес өкілдерімен әріптестікті жалғастырып, Ақтөбенің көркейіп, дамуына бірлесе үлес қосуға ниетті.Количество показов: 26
Дата создания: 04.11.2025 06:00:46



















