Шаһарда жаңа IT Hub құрылысы аяқталуға жақын
Қаламызда 2 жыл бойы салынып жатқан жаңа IT Hub құрылысы аяқталуға жақын. Заманауи орталықта болашақ IT мамандары ғана емес, бұл салаға қызығушылық танытқан жай тұрғындарға да есік ашық. Қалада цифрлық технологияны дамытуға бағытталған жаңа ғимарат бой көтерген. Құрылысы екі жылға созылған IT Hub құрылысы бүгінде аяқталуға жақын. Нысан Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі жанынан салынған. Үш қабатты, аумағы 1700 шаршы метрді құрайды. "Жаңа орталық - ақпараттық жүйелер бағытында оқитын студенттерге ғана емес, IT саласына қызығушылық танытқан жастар үшін де арнайы қолға алынған жоба", - дейді облыстық қоғамдық кеңес мүшесі. Мұнда заманауи оқу кабинеттері, коворкинг және конференц-зал қарастырылған. Ал аталған ІТ Хаб орталығында лифт орнату жұмыстарына байланысты нысанды тапсыру мерзімі бір айға шегерілген. Қажетті техникалық жабдықтар сатып алынып, жоба құны 1 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген. IT Hub-ты биылғы 30 қыркүйекте пайдалануға беру жоспарланған. Бүгін облыстық қоғамдық кеңес мүшелері оқу жылына орай жаңа құрылыс аймақтарына барып, жұмыс барысымен танысты. Жүргізілген мониторинг барысында басқа да жаңа нысандарды аралап, жобалардың облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асып жатқанын айтты. Соның ішінде 300 орынды қамтитын мүгедектігі бар ерекше балаларға арналған балабақшаның құрылыс жұмыстарының жүріп жатқанын да тілге тиек етті.Количество показов: 23
Дата создания: 07.08.2026 07:39:34



















