Шаһардағы темір жол вокзалының жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын
Қаламыздағы теміржол вокзалында жүргізіліп жатқан, жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Қазіргі таңда ең басты деген құрылыс жұмыстары толықтай аяқталған. Вокзал басшысының айтуынша, ауа-райының тұрақсыздығынан жөндеу жұмысы арасында бәсеңдеп қалып жатыр. Дегенмен жұмыс кестеге сай жүргізіліп жатыр, жақын арада барлық жұмыстар толықтай бітіп, халық игілігіне береміз, -дейді ол. Жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының бүгінде 90- пайызға жуығы аяқталған. Қазіргі таңда ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары, инженерлік жүйелерді реттеу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Вокзалдың кіреберісі мен күту залдары жаңартылып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалған. Мамандардың айтуынша, жұмыс белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Егер құрылыс қарқыны осы деңгейде сақталса, нысан 10 тамызда толық пайдалануға беріледі. Жаңартылған теміржол вокзалы жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттырып, қала қақпасының заманауи әрі жайлы нысандарының біріне айналмақ. Жобаның басты мердігері «Актобе Строй Эксперт» ЖШС. Жоба жетекшісінің айтуынша, вокзалда кондиционерлеу және желдету жүйелері толық жаңартылған, бұл ауа алмасуды жақсартып, жағымсыз иістерді жоюға мүмкіндік береді, соның ішінде жертөле қабаттарында да. Ғимаратта сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтарға арналған панорамалық лифт пен екі эскалатор орнатылған. Жұмыстар аяқталғаннан кейін вокзал толық жаңартылып, жолаушыларға жайлы қызмет көрсетуге бейімделеді. Облыс басшысы да жобаны уақытылы аяқтау мен орындалатын жұмыстардың сапасын сақтауға баса мән беру керектігін атап өткен болатын. «Вокзал – қаладағы негізгі нысандардың бірі, сондықтан жұмыстар заманауи талаптарға сай әрі сапалы орындалуы тиіс. Жолаушылардың жайлылығы мен қолайлылығына ерекше көңіл бөлу қажет», – деді облыс әкімі.Количество показов: 24
Дата создания: 21.07.2026 08:10:56



















