Шаһардағы ірі наубайхана өндірісті тоқтатты
Шаһардағы ірі наубайханалардың бірі "Ақтөбе Нан" серіктестігі жұмысын тоқтатты. 50 жылға жуық тарихы бар наубайхана бүгінге дейін 50-ден астам өнім түрін шығарды. Наннан бөлек, макарон, кондитерлік өнімдермен халықты қамтып отырды. Дегенмен, комбинат жабылғалы ақтөбеліктер нан тапшылығын сезіп жатқан жоқ. Дүкен сөрелерінде ас атасының түрі, түрлі құраммен, түрлі бағада толып тұр. Шаһардағы "Ақтөбе Нан" серіктестігі өз жұмысын тоқтатты. Жарты ғасырға жуық уақыт бойы ақтөбеліктерді ыстық нанын ұсынып келген комбинат жабылды. Бұл туралы кәсіпорын өкілдері мәлімдеді. Экономикалық тұрғыдан шығынға ұшыраған. Өндіріс тиімсіз болды дейді. «Ақтөбе-нан» комбинаты нан-бөлкеден бөлек макарон және кондитер өнімдерін шығарды. Кәсіпорын қала нарығын тәулігіне 15 тоннадан астам нан-бөлке және 3 тоннадан астам басқа өнімдерімен қамтамасыз етіп отырды. Дегенмен, шаһарда нан тапшылығы жоқ. Дүкен сөрелері толып тұр. Бағалары да тұрақты, дейді тұрғындар. Облыс орталығындағы наубайханалар қазір сұранысты толық қамтамасыз етіп отыр. Ас атасы нанның да түрі бар. Бағасы да құрамына қарай әртүрлі. Ал, "Ақтөбе Нан" серіктестігі өкілінің сөзінше, қазіргі нан бағасына шығынды жабу мүмкін емес.Количество показов: 12
Дата создания: 03.03.2026 06:15:41



















