Шаһардағы Пацаев көшесі жол құрылысы жұмыстарын аяқтау үшін уақытша жабылды
Қаламызда Пацaев көшесінің Маресьев көшесінен Санкибай батыр даңғылына дейінгі аралығында жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жоба аясында жол жабыны жаңартылып, тротуарлар мен жол жиектері қайта жасақталады. Қазір мердігерлер асфальт бетонның негізгі қабатын төсеу кезеңінде. Пацaев көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары маусым айында басталған. Қазіргі таңда бұл жақта негізгі асфальтбетон қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Осы аптада Маресьев көшесінен Жұбановтар көшесіне дейінгі аралыққа асфальт төселді. Бүгін жұмыс Сәңкібай батыр даңғылы бағытында жалғасып жатыр. Жоба бойынша бұл учаскедегі жол жиектері толық ауыстырылып, көшенің екі жағындағы тротуарлар да қайта жасақталады. Жөндеу жұмыстарына жауаптылар "Атырауинжстрой-АЙС" ЖШС-і. Жол инфрақұрылымын жаңарту барысында инженерлік шешімдерге де мән берілуде. Бұған дейін Тайбеков көшесінде қалқымалы құдық қақпақтары орнатылған. Мұндай конструкция көлік салмағынан түсетін жүктемені тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Яғни ауырлықтың негізгі бөлігі қақпақтың жоғарғы негізіне түсіп, жол жабынына түсетін жүктеме азаяды. Бұл өз кезегінде жолдың ұзақ уақыт сақталуына ықпал етеді. Жол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін Пацaев көшесінің аталған бөлігі жаңартылып, көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасалмақ. Жауаптылардың айтуынша жұмыстар ертең аяқталып, жол қозғалысы қайта қалпына келеді.Количество показов: 11
Дата создания: 13.08.2026 08:03:24



















