Шаһардағы көктайғаққа шағым көп
Шаһардағы Уәлиханов көшесінің теміржол вокзалы аумағындағы жаяу жүргіншілер жолы қардан тазартылған. Бірақ көшенің бір жақ бетінен үйінді қарлар алынса, екінші жағында үйінділер сол күйі жатыр. Коммуналшылар ұмытып кеткендей. Бұл жағдай көше бойымен жаяу жүретіндер үшін үлкен кедергі. Қазір өздеріңіз байқағандай жаяулар жолы көк мұз. Қала тұрғындары жолға тайғаққа қарсы инертті материалдар себілсе дейді. Себебі вокзалдан түсіп, базарға көтерілерде жүру мүмкін емес. Құлап, мертігіп жатқандар да жоқ емес. Жолдардың шетімен жүруге тура келеді,- дейді олар. Ақ халаттылардың айтуынша, көктайғақтан жарақат емдеу бөліміне күніне 40-50 адам шағыммен келеді. Олардың көбі бас-ми жарақаты, қабырға, омыртқа жарақаты мен аяқ-қол сынуымен дәрігерге жүгінеді. Мұндай көктайғақта дәрігерлер үлкен кісілерге мұқтажсыз далаға шықпауға, ал басқаларына баяу, қолын қалтаға салмай жүруге, тайғақ емес, ыңғайлы аяқ киім киюге кеңес береді. Алматы ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Жәдігер Балтабай инертті материалдар жаяулар жолына себіліп жатқанын айтады. Ал Ахтанов, Уәлиханов, Алтынсарин, Шернияз көшелері қардан аршылған. Алматы ауданы бойынша жеті учаскеге мердігер бекітіліпті. Құм аралас тұз қоспалары қала бойынша жеткілікті, дейді мамандар. Сөздеріне сенейік десек, сырттағы көрініс басқаша.Количество показов: 6
Дата создания: 17.01.2026 08:28:01



















