Шаһарда толық бір көше ауызсусыз отыр
Киімді қолмен жуып, ыдысты түнде бір жуамыз. Ауыз су түгілі қарапайым тұрмысқа қолдану үшін де су жоқ. Бұл қаламыздағы Минин көшесі тұрғындарының жан айқайы. Айтуларынша, су тек түнгі 12-ден кейін ғана келеді. Сыздықтап тамған суды, ертесіне дейін ыдыстарға жинап алуға тырысамыз,- дейді олар. Қаламыздағы Минин тұйық көшесінің тұрғындары үйлерінде күнделікті ыдыс аяқ осылай жиналып тұратынан шаршаған. Себеп- күндізгі уақытта бір тамшы су тамбайтыны. Бұл тұрғындар үшін соңғы жылдары тұрмыс-тіршіліктері үшін қиындық туғызған үлкен мәселе болып отыр. Күнделікті тұрмысқа қажетті суды тек түнде алып қоямыз, оның өзін түнгі 12-ге дейін күту керек. Түн ортасында келген судың өзі, сыздықтап ағады,- деп налиды олар. Көше тұрғындары осыдан бірнеше жыл бұрын су құбырларын өз қаражаттарына ауыстырған. Онымен мәселе шешілмепті. Олар бірнеше рет жауапты мекемелерге де арызданған. Қазір олар 4 тамызға дейін ресми жауап күтіп отыр. Бұл проблеманың шешілу жолы- ескі су құбырын жаңасына ауыстыру дейді тұрғындар. Ал жауаптылардың айтуынша, Минин көшесіндегі ұзындығы 740 метр болатын су құбыры желісі "Aqtobe Su - Energy Group" АҚ-ның теңгерімінде жоқ. Ал мекеме тариф аясында тек өз қарамағындағы инженерлік желілерге ғана қызмет көрсете алатынын мәлімдеді. Әдеттегідей, халықтың шағымы көшеде тек бір мәселе емес. Тұрғындар жол мен жарық мәселесін де көтерді. Жергілікті тұрғындарының сөзінше, жол жағдайы да сын көтермейді. Асфальт салынбаса да, жолды тегістеу қажет. Сонымен қатар көшеде бірде бір жарық шам жоқ, түнде тас қараңғы. Бұл мәселе туралы да көше тұрғындары тиісті жерлерге өтініш жазғандарын айтты.Количество показов: 13
Дата создания: 31.07.2026 08:10:42



















