Шаһарда тұмау ауруы өршіп тұр
Тұмау тез тарайтын жұқпалы вирустық ауру. Ол дене қызуының көтерілуі, әлсіздік және тыныс алу жолдарының зақымдануымен сипатталады. Ауру асқынса қиын, ентігу мен өкпенің қабынуына әкелуі мүмкін. Тұмауға ұзақ уақыт ем жасамаса созылмалы дерттердің өршу қаупін туғызады. Дәрігерлердің айтуынша, тұмаудан қорғанудың ең тиімді жолы екпе салдыру. Ал вакцинаға тұрғындардың көзқарасы қалай? Тілдесіп көрдік. Алдағы үш айда және келер жылы эпидемиологиялық маусымда облыста 139 мыңнан аса тұрғынды вакцинамен қамту жоспарланған. Бұл облыс халқының 15 пайызын ғана құрайды. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 111 миллион теңге бөлініп отыр. Қаражатқа 109 мың 500 доза екпе сатып алынды. Қазір препараттың жеткізілуі күтілуде. Екпе алдымен халықтың осал топтарына салынады. Бұл санатқа жүкті әйелдер, медицина қызметкерлері, кәмелеттік жасқа толмаған балалар, қарттар мен мүгедектер үйлерінің тұрғындары және созылмалы ауруы бар азаматтар кіреді. Мамандар тұмау маусымында адам көп жиналатын орындарға баруды шектеуге, қолды жиі жууға, бөлмені желдетіп, жиі ылғалды тазалық жүргізуге кеңес береді.Количество показов: 13
Дата создания: 10.09.2026 08:57:00



















