Шаһарда сумен жабдықтау желілерінің 54 пайызы тозған
Шаһарда сумен жабдықтау желілері жаңартылып жатыр. Сумен жабдықтау желісі 54 пайыз, су бұру - 72%, жылумен жабдықтау желісі - 54 пайыз орташа тозу деңгейіне жеткен. «Aqtobe su-energy group» АҚ - жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен реттелетін табиғи монополия субъектісі болып табылады. Осыған орай, жұмыстар 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылуда. Бүгін Есет батыр көшесі бойындағы 1 метрден асатын су құбыры қайта жаңартылды. Қазір қаланың бірнеше көшесінде тозығы жеткен су құбырлары кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Алды 50 жыл болған шойын құбырлардың орнын жергілікті өнім полиэтиленді құбырлар басты. "Олардың да қызметі жарты ғасырға жетеді" дейді мамандар. Есет батыр көшесінде құбырларды мердігер мекеме "Влад" серіктестігі ауыстырып жатыр. Ал, желілерді жаңарту кезінде тұрғын үйлерде су тоқтатылмайды. Өткен жылмен салыстырғанда биыл желілердің тозуы 1 пайызға төмендеген. Жалпы 5 жылдық инвестициялық бағдарлама аясында биыл сумен, жылумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне 6,4 млрд. теңге бөлінген. Қазір жалпы сомасы 470 млн. теңгеден көп жұмыс аяқталып тұр. Суға жауапты мекеме өкілдерінің күзге дайындығы қарқынды. Сөздерінше, бөлінген қаржы толық игеріліп жатыр, жұмыстар уақытында аяқталуы тиіс.Количество показов: 13
Дата создания: 14.08.2025 07:25:25