Шаһарда үстел теннисінен халықаралық параспортшыларының турнирі жалғасуда
Қалада халықаралық үстел теннисі федерациясының ресми күнтүзбесіне енген ITTF World Para Future Aktobe 2026 турнирі жалғасып жатыр. Әлемнің 23 елінен келген 200-ге жуық спортшы бірнеше күн бойы жеңіс пен рейтингтік ұпай үшін бақ сынауда. Толығырақ тілші материалында. Қаламыздың төрінде әлемнің пара үстел теннисшілері бас қосты. Халықаралық ITTF World Para Future Aktobe 2026 турниріне 23 мемлекеттен келген 200-ге жуық спортшы қатысуда. Бірнеше күнге созылатын жарыста қатысушылар өзара шеберліктерін көрсетеді, халықаралық рейтингте бақ сынайды. Бұл Қазақстанда ұйымдастырылып отырған пара үстел теннисінен үшінші халықаралық турнир. Жарысқа қатысушылар үшін бұл кездесу маңызды. Өйткені мұнда жинаған рейтингтік ұпайлар алдағы халықаралық жарыстардағы орындарына ықпал етеді. Мұндай деңгейдегі турнирдің қаламызда өтуі өңірдегі спорт инфрақұрылымының әлеуетін көрсетеді,- дейді ұйымдастырушылар. Сонымен қатар, қалаға келген шетелдік спортшылар, жаттықтырушылар мен ресми делегациялар Ақтөбе өңірінің мәдениетімен, тарихымен және туристік мүмкіндіктерімен де танысуға мүмкіндік алып отыр. Жеңіске деген жігер мен табандылық сыналатын бұл халықаралық турнир бірнеше күнге жалғасып, ертең ақтық мәреде жеңімпаздар белгілі болады.Количество показов: 74
Дата создания: 28.07.2026 07:04:17



















