Шаһарда Сапура Мәтенқызының ерлігі ұлықталды
Сапура Мәтенқызы — XVIII ғасырда өмір сүрген қазақ батыр қызы, ұлттық-азаттық әрекеттерге қатысқан тұлға. Ол 1753 жылы қазіргі Қобда өңірінде дүниеге келген. Табын руынан шыққан. БиылСапура Мәтенқызы бастаған қозғалысқа 250 жыл толды. Осыған орай ақтөбеліктер батыр қыздың ерлігін ұлықтады. Қалалық мәдениет үйінде “Қайсар қыз” атты жыр-мүшәйрасы өтті. Сапура Мәтенқызы шамамен 1776 жылдан кейін өмір сүріп, Пугачев көтерілісінің салдарынан туған кезеңдегі отарлау саясатына қарсы күреске араласты. «Көктемір» немесе «Көрінбес» деген есіммен танылған қозғалыстың жетекшісі болған. Аңызға сәйкес, «Көктемір» тұлғасы кейде адам емес, мистикамен, жұмбақ сипатпен байланыстырылады. Яғни көрінбейтін, жұмбақ көсем. Осы «Көктемір» образы арқылы Сапура халықты қозғалысқа шақырып, оларға үміт ұялатып, басқарушылық ықпал жасады деген болжамдар бар. 1775 жылдың күзінде Елек пен Қобда өзендері сағасында Табын мен Тама рулары бас қосып, көтеріліс бастаған, сол қозғалыстың негізгі қозғаушы күші Сапура болған деп айтылады. Жыр-мүшәйрасын қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды. Шараға тіл жанашырлары, ұстаздар мен оқушылар, студенттер, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Жас ақындар батыр қыз Сапура Мәтенқызының ерлік жолымен терең танысып, оның ұлт азаттығы жолындағы қаһармандық күресін, ел тәуелсіздігіне қосқан зор үлесін кеңінен дәріптеді. Байқауға қатысу тегін, қатысушылардың жасына шектеу болмады. Қатысушылар тарихтағы ерлік пен елдік ұғымдарының терең маңызын түсініп, Сапураның ел тарихындағы ерекше орнын бағамдауға мүмкіндік алды.
Количество показов: 23
Дата создания: 17.10.2025 08:12:00