Шаһарда "Ұрпақтар сабақтастығы" акциясы өтті
Бүгін шаһарда "Ұрпақтар сабақтастығы" акциясы өтті. Жасыл ел еңбек жасақтарының жауынгерлері мен ардагерлері кездесті. Ардагерлер алдымен жастарға ақыл-кеңес беріп, сұхбаттасты. Кейін барлығы Елек өзенінің жағалауын тазалады. Акцияға 100-ге жуық адам жұмылдырылған. Елек өзенінің осы жақ бөлігінде суға түсуге тыйым салынса да, қоқыс қалдықтары үюлі тұр. Демек, мұнда күн сайын шомылуға келетіндер көп. Акцияға қатысушылар аумақтан шамамен 200-300 қап көлемінде қоқыс шығады деп топшылайды. "Жасыл ел" еңбек жасағы алғаш 2005 жылы құрылды. Ақтөбе педагогикалық институтының 2 мың студентісарбаз атанған. 20 жылдан кейін ардагерлер жас жауынгерлермен кездесті. Өткенді еске алып, кеңес берді. Сөздерінше, қазір мүмкіндік көп. Жалақы да өскен. Жұмыс жасаудан қашпайтын жастар саны да артқан. «Жасыл ел» жобасы студенттер мен оқушыларға жаз мезгілінде бос уақытын тиімді өткізу, қосымша табыс табуға үлкен мүмкіндік. Жобасы аясында 3200 адам жұмыспен қамту жоспарланған. Қазір 2200-ден көп жас жұмыс жасап жүр. Биылғы еңбек маусымының қорытындысы бойынша ең үздік 100 сарбаз Астана қаласына жолдама алады.Количество показов: 12
Дата создания: 18.07.2025 07:42:58