Шаһарда өңір кәсіпкерлерін қолдауға арналған кездесу өтті
Шаһарда өңір кәсіпкерлерін қолдауға арналған кездесу өтті.Кәсіпкерлерге экспортты қолдауға арналған жаңа қаржылық құралдар таныстырылды. Жастар сарайында өткен жиында экспорт алдындағы қаржыландыру, айналым қаражатын толықтыру, несие мен экспорттық келісімшарттарды сақтандыру тетіктері түсіндірілді. Мамандардың айтуынша, бұл шаралар кәсіпкерлердің тәуекелін азайтып, шетелдік нарыққа шығуына мүмкіндік береді. Өңірде экспортқа бағытталған кәсіпкерлерді қолдау мәселесі талқыланды. Бүгінгі кездесуге өңір кәсіпкерлері қатысуда. Жиын Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасының орынбасарының төрағалығымен өтуде. Негізгі спикерлер қатарында "KazakhExport", "QazTrade" және Қазақстанның Даму банкінің өкілдері бар. Олар экспортты қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды таныстырып, экспорттық қаржыландыру, экспорттық мәмілелерді сақтандыру, жеңілдетілген несиелеу және бизнесті қаржыландыру тетіктері туралы ақпарат берді. Кездесу барысында бизнес өкілдеріне шетелдік серіктестермен жұмыс істеу кезінде туындайтын тәуекелдерді азайту жолдары түсіндірілді. Атап айтқанда, импорттаушы тарапынан төлемнің кешіктірілуі немесе мүлде төленбеуі жағдайында экспорттық келісімшарттарды сақтандыру мүмкіндігі ұсынылды. Бұдан бөлек, "кәсіпкерлерге жеңілдетілген мөлшерлемемен экспортқа дейінгі қаржыландыру бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктер арқылы айналым қаражатын толықтыруға арналған несие алуға мүмкіндік бар", - дейді мамандар. Ал өңір кәсіпкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысу жолдары бойынша кеңес алды.
Количество показов: 13
Дата создания: 17.07.2026 09:26:49



















