Шаһарда қой етінің бағасы қаншадан саудаланып жатыр?
Өңірде еттің бағасы қандай болып тұр? Мал базарында сауда тұрақты,- дейді сатушылар. Сатып алушылар болса, базардағы еттің сапасын қарап, бағаларын салыстырып жүр. Қазір қойдың құны қанша? Мал қай өңірлерден жеткізіліп жатыр? Қаладағы базарда қой саудасы қыза түскен. "Сатып алушы халық та аз емес", - дейді саудагерлер. Еттің бір келісі 3600-4000 теңге аралығында саудалануда. Олардың айтуынша, арықтау қойлар 50 мың теңгеден, ал семіз малдар 100 мың теңгеден саудалаып жатыр. Базарға қойлар көбіне Ойыл, Ырғыз, Байғанин, Шалқар және Хромтау аудандарынын әкелінеді. Салмағына қарай семіз малдарды 130-140 мың теңгеден де кездестірдік. Тұтынушылардың сұранысына қарай семізі де, арығы да сатылымға шығарылған. Күніне орта есеппен 10-ға жуық бас қой өткізіледі екен. "Кейде кем дегенде бір күнде 5 қой сатып кетеміз", - дейді саудагер. Айдың басында төрт түлік малға сұраныс жоғары болады,- дейді сатушылар. Ал қойды сатып алып, сол жерден сойғызам десеңіздер де болады. Қойды сою құны 6 мың теңге.Количество показов: 6
Дата создания: 01.08.2026 07:09:10



















