Шаһарда «Менің Ақтөбем» байқауы жарияланды
Шаһарда «Менің Ақтөбем» байқауы жарияланды. Шараға ауласын көгалдандырған, абаттандырған кез келген тұрғын қатыса алады. Конкурс аудандық және қалалық кезеңдер бойынша өтеді. Астана және Алматы аудандарында байқау 15 сәуір мен 25 шілде аралығында өткізіледі. Қала бойынша үздіктер 15-30 тамыз аралығында анықталады. Байқау шаһарды абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын әрі қарай жақсарту, сондай-ақ қала аудандарында абаттандыру саласындағы оң тәжірибені насихаттауға бағытталған. Ақтөбеліктер 5 номинация бойынша бақ сынайды. Әр номинацияның нақты әрі түсінікті критеийлері бар. Бұл әділ бағалауға көмектеседі және қатысушыларға нақты неге мән беру керектігін көрсетеді. Байқаудың "Көппәтерлі тұрғын үйдің үздік ауласы" номинациясын былтыр Әз-Наурыз көшесіндегі №24 үйдің тұрғындары жеңіп алған. Өздері аулаларын тазалап, абаттандыруға атсалысқан. Ауызбіршіліктің арқасында жеңіске жетіп, 500 мың теңге ұтып алыпты. Биыл да байқау жүлдегерлерін марапаттау үшін демеушілер қолдау білдіріп отыр. Әр номинация бойынша үздік үш орын беріледі. Сыйақы да әртүрлі. Ең қомақты 1 млн. теңге «Көппәтерлі тұрғын үйдің үздік ауласы» номинациясының жүлдегеріне беріледі. Осы номианция бойынша екінші орын алған аула тұрғындарына жарты миллион теңге табысталады. Қалғандарына 300 мың мен 100 мың теңге аралығында сыйақы қарастырылған. Сайысқа қатысу үшін 15 сәуірден бастап ниет білдірген тұрғын өз мекен жайы бойынша аудан әкімдіктеріне барып өтінім бере алады.Количество показов: 5
Дата создания: 23.04.2026 06:43:23



















