Шаһарда коньки тебу маусымы қызып тұр
Мұз айдыны - қыс мезгілінде салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік беретін қолайлы алаң. Шаһардың түкпір-түкпірінде мұз айдындары қыс басталысымен ашылды. Күн сайын алаңдарға келіп, уақыттарын тиімді әрі белсенді өткізетіндер көп. Қыс басталғалы шаһарда коньки тебу маусымы қызып жатыр. Саршұнақ аяз бен бет қарытар желге қарамай, қыстың қызығын көруге үлгеріп жүргендер көп. Қала орталығындағы мұз айдынына кешкілік келушілер көп. Мұнда балалар да, ересектер де уақыттарын тиімді әрі белсенді өткізіп жүр. Әсіресе, жастар мен балалар толасыз ағылады, дейді мұз айдынына жауапты жандар. Күніне кем дегенде 50-ден 100 адамға дейін келіп, коньки тебеді екен. Келушілер үшін арнайы жеңілдіктер де қарастырылған. Көпшілік мұз айдындарына тек спортпен шұғылдану үшін ғана емес, отбасымен бірге серуендейтін оырн ретінде де келеді. Дегенмен, белсенді қысқы демалыс түрінің қауіп-қатері де жоқ емес. Саябақтағы мұз айдынындағы қауіпсіздік ережелері қатаң сақталған. Келушілердің тыныштығын қамтамасыз ететін арнайы бақылаушылар бекітіліпті. Тіпті алғашқы көмек қызметі де қарастырылған, сол себепті алаңдауға еш негіз жоқ дейді Нұрбек Атантаев. Қаламыздағы мұз айдындары қысқы демалысты белсенді өткізгісі келетіндер үшін таптырмас жер. Әсіресе кешкі уақытта жастардың басы қосылып, көңілді атмосфера қалыптасады. Кәсіпкерлер қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.Количество показов: 8
Дата создания: 27.01.2026 06:18:07



















